Жатақхана жайлы ма?!

izobrazhenie 2022 08 27 212809661 Қоғам

ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ДА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ. АЛ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛАР ШАҚТА СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ ТОЛҒАНДЫРМАЙ ҚОЙМАСЫ АНЫҚ. ӘСІРЕСЕ, ШАЛҒАЙДАН КЕЛЕР СТУДЕНТТЕР ҮШІН БҰЛ АСА МАҢЫЗДЫ. ЖАЙЛЫ ОРЫН ДА ОНЫҢ ОҚУ САПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ. ОСЫ МАҚСАТТА, «АМАNAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН АТЫРАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Н е г і з і н е н , ə л е у м е т т і к нысандардың жаңа оқу жылына дайындығы, қолжетімділігі, санитарлық нормаларға сəйкестігі жіті бақылаудан өтті. Тексеру тобының құрамында болған жастар қанатының төрағасы Абылай Құрметұлы жəне Атырау облыстық мəслихатының депутаты Серік Қадыров пен қалалық мəслихат депутаты Əміржан Нұрланұлы жатақханалардағы жұмысқа өз бағасы мен біраз ескертпелерін айтты. М о н и т о р и н г а л д ы м е н Жатақхана жайлы ма?! Халел Досмұхамедов атындағы А т ы р а у у н и в е р с и т е т і н і ң №2 жатақханасын қараудан б а с т а л д ы . У н и в е р с и т е т балансындағы үш жатақхананың біріншісі 360 орындық, №2 жатақхана 476 орындық, ал №3жатақхана 308 орынға лайықталған. Əр қабатта д е м а л а т ы н о р ы н , а с х а н а бөлмелерінде электрондық пеш пен тоңазытқыш бар. Сонымен қатар, кір жууға арналған бөлмелерде кір жуғыш машиналар, əр секцияда душ, раковина орналастырылған. Д е м а л ы с б ө л м е л е р і н е теледидар, диван, кресло қойылып, интернет желісі жұмыс жасап тұр. Əр бөлме жатын орын, жұмыс үстелі, киім ілуге арналған шкафтар, кітап сөрелері, зат қоюға арналған тумбалар жəне арнайы төсеніштермен жабдықталған. Жатақхана аумағында демалыс орындықтары, студенттер отырғызған тал көшеттері мен гүлдер, сақтық шаралары үшін бейнебақылау жүйесі жəне күзет бөлімі жұмыс жасап тұр. Десек те, топ мүшелерінің айтуынша, №2 жатақхана толық күрделі жөндеуді талап етеді. Оған қоса, кейбір ұсақ-түйек заттар да жоқ екен. Осындай о л қ ы л ы қ т а р ғ а қ а т ы с т ы тиісті ескертпелер жасалды. Жатақхана қызметкерлерінің айтуынша, кейбір студенттер ішкі тəртіпке бағынбайды, тазалықты сақтамайды. Егер шамадан тыс тəртіп бұзса, үш ескертпеден соң жатақханадан шығарылады.

– Жатақхана жыл сайынғы қағида бойынша бірінші кезекте І курс студенттеріне, басқа облыстан студенттерге жəне əлеуметтік жағдайы бойынша сараланып беріледі. №1 жəне №2 жатақханаларда студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін жаңа заманауи үлгіде коворкинг орталығы, тəрбие шараларын өткізуге арналған, м у з ы к а л ы қ а п п а р а т п е н жабдықталған 150 орындық акт жəне оқу залдары, кітапхана, компьютер залы, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаттығу залы, теннис орталығы жұмыс жасап тұр. Мұнда студенттерге психологиялық көмек көрсету м а қ с а т ы н д а к ү н д і з – т ү н і психологиялық орталық жəне педагог-тəрбиеші жұмысын жүргізіп келеді. Студенттерге медициналық көмек көрсету үшін оқшауланған кабинет те жасақталған. Таза ауа, таза жатақхана негізін қалыптастыру мақсатында «Жасыл желек» гүл өсіру орталығы бар. Əр жатақханада студенттік кеңес пен клубтар құрылып, əртүрлі бағытта іс-шаралар өткізеді, – дейді университеттің əлеуметтік мəселелер жəне жастар саясаты жөніндегі проректоры Лəйлə Қойшығұлова.

№3 студенттер үйінде 80 орындық асхана, жүзу бассейні, соңғы үлгідегі арнайы спорттық құрал-жабдықтармен (кір тасы, турник, велотренажер) жабдықталған жаттығу залы, т е н н и с ү с т е л і , к і т а п х а н а ж ə н е о қ у з а л ы , к и н о з а л , «Жастар орталығы» бөлмесі студенттерге қызмет көрсетуде. Студенттер үйінің əр бөлмесінде тоңазытқыш, шкаф, кереуеттер, тумбалар, кітап сөрелері мен жұмыс үстелі бар. Жатақхана тұрғындарына қолайлы болуы үшін жеделсаты мен интернет жүйесі, бейнебақылау, күзет бөлімі жұмыс жасап тұр екен. Бұл жатақхана университеттен қашықтау əрі бағасы да екі жатақханаға қарағанда сəл қымбаттау. Ал, университеттегі ж а т а қ х а н а б а ғ а с ы а й ы н а 3000 теңге, бірақ ахуалға байланысты алдағы уақытта тағы қымбаттауы мүмкін. Одан кейін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университетіне қарасты нысандарды аралағанда №3 жатақханада 324 орын, №4 жатақханада 150 орын бар екені анықталды. Жатақханалар күрделі жөндеуден өтіп, оқу жылына сақадай сай əзір екен. Құны айына 4000 теңге. А л , С а л а м а т М ұ қ а ш е в а т ы н д а ғ ы А т ы р а у политехникалық колледжінде жаңадан салынған жатақханада 138 орын қарастырылған. Оның қасындағы Атырау аграрлыт е х н и к а л ы қ к о л л е д ж і н і ң жатақханасында 38 орын бар екен. Бірақ, ол осы аптаның соңына дейін жөндеуі аяқталып, пайдалануға тапсырылатын көрінеді. Аталған үш жатақхана жаңа оқу жылына толық дайын жəне студенттерге барлық жағдай жасалған.

– Бұл – жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын бақылау үшін жыл сайын жасалатын дəстүрлі мониторинг. Б і з д е б ұ р ы н ғ ы ж а с а л ғ а н ескертпелер бар жəне сол есеппен биыл салыстырып, мониторинг жүргіздік. Жалпы жағдай жасалғанмен, кейбір ж и һ а з д а р д ы ң е с к і р г е н і , і р і л і – ұ с а қ т ы з а т т а р д ы ң жетіспеушілігін байқап, тиісті ескертпелерімізді айттық. Мониторинг қорытындысына сəйкес оқу орындарының басшыларына жазбаша хат жолдаймыз, – дейді облыстық мəслихат депутаты Серік Қадыров.

Жайна МƏЛІМҚОЖА

ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТИЕСІЛІ БАРЛЫҚ ЖАТАҚХАНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫНАН ӨТІП, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН. ДЕГЕНМЕН, ЖАТАҚХАНАДА ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚТЫҢ МЕЙЛІНШЕ САҚТАЛҒАНЫ АБЗАЛ. ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕСІ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН ТАУ ҚОПАРУ ШАРТ ЕМЕС, СӘЛ ҒАНА ӘРЕКЕТТІҢ ӨЗІ ЗОР КӨМЕК!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз