Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ерекше жастар «Креатив LAB» қолөнер тренингінде бас қосты

Атырауда «Ұшқын» әлеуметтік жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар 20-дан астам жасты қамтыған «Креатив LAB» атты қолөнер тренингі өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Құралай» өнер орталығының негізін қалаушысы Құралай Шоқанованың айтуынша, тренингте қатысушылар түрлі қолөнер бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерді.

-Балалар алғашқыда тұйықталып, ортаға бейімделу қиын болды. Қазір олар өзара танысып, қолөнермен айналысып, мінез-құлықтары ашылды. Мұндай жобалардың оларға берері мол. Үйде отырып қалмай, қоғаммен араласты. Болашақта бұл іс жалғасын тапса, балалардан үлкен нәтиже көре аламыз, — деді Қ.Шоқанова.

23 жастағы тренинг қатысушысы Наркиза Рашпаева бүгін футболкаға сурет салып жатыр. Сөйтіп, қолөнерін қыркүйекте өтетін жәрмеңкеде сатпақ.

«Бұл — менің оқып жатқан төртінші курсым. Осындай ортаға қосылып, сурет салып үйренгеніме өте қуаныштымын. Кішкентайымнан БЦСА диагнозымен ауырамын, бірақ оған қарамастан қатарымнан қалмай, дами бергім келеді. Алдағы уақытта осындай жобалар болса екен» деді ол.

Айта кетейік, игі шара Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен, «Ерекше Ана – Ерекшем 16+» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button