Атырауда ерекше сән көрсетілімі өтті
Атырау қаласында тігін өнеркәсібін дамыту, сән индустриясын ілгерілтеу, ұлттық киім үлгілерін заманауи үлгіде жаңғырту мақсатында «Atyrau Fashion Show» сән көрсетілімі өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен облыстағы Кәсіпкерлер палатасы және Іскер әйелдер қауымдастығының бірлесе ұйымдастырған бұл іс-шарасы биыл үшінші мәте қолға алынуда.
–Осы салада 10 жылдан бері қызмет етіп келемін. Іскер әйелдер қауымдастығы отандық дизайнерлерге қолдау көрсету және жергілікті тігін мен сән үйлерінің жоғары талғаммен қазіргі сұранысқа сай тігілген дизайнерлік киім топтамаларын халыққа ұсыну бағытында көптеген жұмыс жүргізді. Көрсетілімге 10-ға жуық дизайнер атсалысты. Оның кейбірі өз өнімдерін жұртшылыққа алғаш рет ұсынуда. Бұл жоба қазақтың ұлттық киімдерін әлемге танытуға үлкен мүмкіндік береді, — дейді жоба авторы Эльза Қалиева.
Сондай-ақ, тігіншілер мен дизайнерлердің көрмесіне Маңғыстау, Түркістан облыстарынан шеберлер қатысып, өз туындыларын көпшілікке ұсынды.
Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ