Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда ерекше мобильді қосымша таныстырылды

Махамбет ауданының тұрғындарына «Tort Tulik» мобильді қосымшасы түсіндірілді.

Естеріңізде болса, республика бойынша 2023 жылдың 18 шілдесінен бастап ауылшаруашылығы иелеріне арналған мобильді қосымша іске қосылған болатын. Ол ауылшаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі және әрбір жануар иесі (ЖТ,ШҚ,ЖШС) өз жануарларына түгендеу жүргізе алады. Осы мақсатта ВБжҚК Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы мамандары Ақтоғай, Ақжайық, Алға, Бақсай, Жалғансай, Махамбет, Сарайшық, Есбол, Бейбарыс ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп тұрғындарға мобильді қосымшаға тіркелу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, былтыр «Бородулиха-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны үй жануарлары иелеріне «Tort Tulik» жаңа мобильді қосымшасын әзірленген еді. Ол үй жануарлары тізіміне мониторинг жүргізу, оларды онлайн режимінде сату және сатып алу, тіркеу, сондай-ақ, сойылған малды есептен шығару, ветеринариялық паспорт беру, үй жануарлары және олардың иелерінің деректері бойынша мәліметтерді түзетуге арналған.

– Сонымен қатар, алдағы уақытта «sogym.kz» қосымшасы жаңартылады, онда ветеринариялық бақылаудан өткен етті сатып алу бойынша бөлімдер, ветеринариялық қызметті алу мен жариялауға арналған «Vet.market» бөлімі енгізіледі. «TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық қосымшаға айналады. Қолданбада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері бар, сондай-ақ, онда алдағы вакцинация туралы хабарламалар орналастырылады. Әзірге, «TortTulik» мобильді қосымшасын тек Android Playmarket-тен жүктеуге болады, кейінірек әзірлеушілер қосымшаны iOS-тағы смартфондарға бейімдейді, — дейді «Бородулиха-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Бауыржан Баяхметов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button