Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Атырауда тарихи-өлкетану музейінде көнеден сыр шертетін экспозициялық зал ашылды.

«Экспозициялық зал сақ, ғұн тайпалары дәуірінен жеткен құндылықтарға арналған» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Экспозициялық зал облыста жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында Аралтөбе, Миялы, Борсық, Қылыш, Сарықамыс, Иманқара, Құдайберген қорғандарынан табылған жәдігерлермен қамтылып отыр.

Мәселен, музейге келушілер «Сармат көсемі» атауы берілген «Алтын адамды», «Ұлы дала жауһары» аталатын алтын киімді әйелдің реконструкциясын, сақ және ғұн тайпалары жауынгерлерінің қалыпқа келтірілген тұлғалық мүсіндерін тамашалай алады.

Тұлғалық мүсіндер авторы, «Тархан» тарихи реконструкциялар орталығы шығармашылық тобының менеджері Алау Ахметжанов Атырау облысы аумағынан табылған жәдігерлердің тарихи маңызы жоғары екенін айтты.

  • Экспозициялық зал бұған дейін киім үлгілері ғана жасалып жүрген ғұн жауынгерінің тұтастай темірден жасалған сауытымен толығып отыр. ​ Тарихи мұраларды қайта жаңғырту ісінде ғалым Қалиолла Ахметжановтың ерекше еңбек сіңіргенін атап өткеніміз жөн. ​ Атырау өңірінен әлі де қызықты жәдігерлер табылады деген сенім бар, — деді Алау Ахметжанов.

Экспозициялық залдың ашылу салтанатына қатысқан​ тарихшы, өлкетанушылар мен студенттер көнеден сыр шертетін жәдігерлерді жоғары бағалады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button