Атырауда бағаны заңсыз көтерген дәріханалардың әрқайсысына 361 140 теңге айыппұл салынды

200718025427106a3674056i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/20 шілде, 2020 жыл. Облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінен арнайы жұмыс тобы құрылған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс тобы дәрілерді шекті бағасын қымбатқа сатқан 30 деректі анықтаған. Уәкілетті органмен 8 дәріхананың әрқайсысына 361 140 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысты 6 деректі анықтады. Оның ішінде дәрі-дәрмекті жоғары бағамен үйден заңсыз сату және тиісті тіркеусіз сату бар. Тергеп-тексеру кезінде заңсыз айналымнан 7 500 препарат, 180 мың медициналық бетперде алынды» – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан алынған дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау ұйымдарына тарату үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау халқының дәрі-дәрмек бағасына шағымынан кейін 50 дәріхана тексерілген еді.

***

Сондай-ақ, Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тақпағаны үшін жазаланған.

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабыловтың мәлім етуінше, карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі бекітілген. Жеке тұлғаларға 30, ал, бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

«Соңғы бірнеше тәулікте Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тағу режимін бұзғаны үшін жазаланды», -деді Садуақас Байғабылов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз