Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ерекше әдеби сазды кеш өтуде

Атырауда ақын, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының “Кіндігімді кескен жер, Бесігім болып өскен жер” атты әдеби сазды кеш өтіп жатыр. Іс-шара шымылдығын түрген облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ақынға әдемі тілегін жеткізіп, облыс әкімінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Тағылымды жиын кезінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов қоғам қайраткері Өтеген Оралбайұлының кеудесіне Сұлтан Бейбарыс төсбелгісін тақты. Ел ағалары Мақсым Ізбасов, Бақытбек Таубаев пен Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының батыс аймақтары бойынша хатшысы, ҚЖО Атыраудағы өкілі Әлия Дәулетбаевалар Өтеген Оралбайұлының азаматтық тұлғасы, оқырман жүрегінен орын алған отты жырлары, ақындық сыры мен қайраткерлік қырлары турасында ұзақ әңгімеледі.

Рухани кеш кезінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының Толық шығармалар жинағының тұсауы кесілді, әрі қарай ақынның сөзіне жазылған әндері орындалып, жырлары оқылды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button