Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ер адамдар әйелдерден көп айлық алады

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден көп айлық алады. Жалақы айырмашылығы – 33,7%. Бұл туралы Finprom сайты  хабарлайды.

2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алған.

Ал басқа аймақтарда ерлердің орташа жалақысы:

Атырау (631,8 мың теңге);

Маңғыстау (590,6 мың теңге);

Ұлытау (489,1 мың теңге) облысы.

Бұл аймақтарда ер мен әйел арасындағы жалақысы бойынша өте үлкен айырмашылық байқалды.

«Маңғыстау облысында ерлердің айлығы әйелдердің жалақысынан екі есе, Атырауда 85,9%-ға, Ұлытауда 68%-ға артық», – деді сарапшылар.

Жетісу облысы – әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір.

Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалақыдағы айырмашылық аз.

Мына өңірлерде әйелдердің орташа айлығы жоғары:

Астана 365,1 мың тг;

Атырау облысы (339,8 мың теңге);

Алматы (320,1 мың теңге).

Сарапшылардың айтуынша, тек білім беру саласындағы әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікінен 4,8%-ға артық. Әйелдердікі 251,4 мың теңге болса, ерлердікі – 239,8 мың тг.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), Ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында әйелдер көп жалақы алады», – делінген зерттеуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button