
Атырауда емханалар жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты
«Себеп Атыраудағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы» деп хабарлайды Atr.kz.
Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық объектілері (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты.
«Науқастарды жоспарлы қабылдауға скринингтер, медициналық тексерулер, дәрігерлердің профилактикалық тексеру жатады. Дегенмен, учаскелік емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медициналық мамандардан онлайн-форматта кеңес алуға мүмкіндік бар.
Дегенмен, дәрігерге шұғыл жағдайда жүгіну шақыртуларын қабылдау жалғасуда. Емханалардағы егу пункттері демалыссыз жұмыс істейді» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.