Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда емдеу мекемелері тұрғындардың шағымын қабылдайды

Атыраулықтар емдеу мекемелері қызметіне қатысты шағымдарын 109  желісіне жолдай алады.

«Орталық қызметкерлері тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетуде» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тіркелген өтініш — шағымдар арнайы жүйеге тіркеледі. Тиісті мекемеге жіберіліп, орындалуы толық қадағаланады. Кейін тұрғынмен кері байланыс орнатылады. Қазіргі таңда ақпараттық парақшалар облыстағы барлық емдеу мекемелеріне ілінді» делінген
109 бірыңғай орталығы таратқан ақпаратта.

  • Еске сала кетелік, 109 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдың наурыз айында іске қосылды.

Өтінімдер 109 нөмерімен бірге,  109@scatyrau.kz  поштасы,  @atyrau_109_user_bot телеграм боты,  atyrau.komek109. kz ашық порталы арқылы қабылданады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button