Мүгедектер спорт клубында кездесу өтті

015c3d163f1c8a42 Жаңалықтар

        «Nur Otan» партиясы филиалы атынан облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Мүгедектер спорт клубында да өтті.

Жергілікті спорт саласының жанашырлары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  қатысуымен өткен шарада сөз алған партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Бейбіт Мырзағалиев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, үміткерлерге үлкен міндет жүктеп отырғанын атап өтіп, тәуелсіздік жылдарындағы партияның жетістіктеріне тоқталды.

          Бұдан соң үміткерлер Н.Ермұханов, Ә.Зайдуллин, А.Асылбеков партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, кездесуге қатысқан спорт клубының мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың «Кедергісіз келешек» жобасына қатысты мәселелер шешімін тапса деген өтініштерін назарға алды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз