Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы 5 маусым күні сағат 18:00 шамасында орын алған.

«Атырау қаласы Афанасьева-Байтұрсынов көше қиылысында маркасы Тoyota Verso автокөлігі 2 жасөспірімдерді қағып құлатты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірімдер Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

«Қала қонақтары мен тұрғындар назарына: жазғы демалыстың басталуына байланысты тұрғын-үй көшелерінде самокат және велосипед тізгіндеген жасөспірімдердің көбеюіне байланысты жүргізушілерден жолда абай болуларыңызды сұраймыз», — деп ескертеді полиция басқармасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button