Жаңалықтар
Атырауда екі күнде 1200 жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелді
Атырауда 20-24 ақпан күндері облыс аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінде жол жүрісі ережелерін өрескел бұзу бойынша 1200 факті тіркелген.
Оның ішінде;
— тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару — 24;
— мас күйде көлік басқару — 10;
-жылдамдықты шамадан тыс асыру-166
— басқару құқығы жоқ күйде көлік басқарған — 58 және көлік басқару бойынша авариялық жағдай туғызу-6 факті анықталған.
Сондай-ақ,аталған құқықбұзушылық негізінде 38 автокөлік айып тұрағына қойылып,6 автокөліктің мемлекеттік белгісі түсірлді.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеу керегін қатаң түрде ескертеді.