Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда екі ер адам суға кетіп, көз жұмды

Бір күн ішінде екі адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға Құрманғазы, Жылыой аудандарында болған.


20 маусым күні сағат 09-00 шамасында 2000 жылы туған азамат Б.Б жеке автокөлігін жөндету мақсатында Шортанбай ауылындағы жұмыстасының А.Р үйіне барған.
Кейін олар суға түспек болып Қиғаш өзенінің жағалауына келген.
Азамат Б.Б Қиғаш өзенінің жағалауындағы темір пирстан суға секірген, ал, А.Р жағада қалып қояды. Шамалы уақыттың ішінде су бетіне шықпаған жолдасына алаңдаған досы дереу жергілікті полиция инспекторына және ауыл тұрғындарына хабарлап, өз беттерімен іздестіру жұмыстарын бастаған.


«Оқиға туралы хабарлама Құрманғазы ауданы, №7 ӨСБ-нің байланыс бекетінің «101» телефонына 17 сағат 15 минутта келіп түскен.
Құрманғазы ауданының жедел-құтқару жасағының көмегімен сағат 19:00-де азамат Б.Б өлі денесі судан шығарылды.


Жылыой ауданында суға кеткен азамат М.А 1983 жылы туған.
20 маусым күні Тұрғызба ауылында екі жігіт болып қой кезегіне шыққан. Күннің ыстығынан салқындап алмақшы болып, азамат М.А Жем өзеніне суға түскен. Азамат М.А суға секірген бойда батып бара жатқандығы туралы айғайлап, көмек сұраған. Алайда, жағада қалған Қ.Т көмектеспек болып әрекет жасағанымен көмек бере алмаған соң, 17 сағат 20 минутта «112» номеріне қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлаған. Қазіргі таңда марқұмның денесі жергілікті полицияға тапсырылды» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button