Жаңалықтар
Атырауда екі баланың денесі табылды
Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті құтқарушылармен бірлесіп, кәмелетке толмаған екі баланың іздестірілуде екендігін хабарлаған болатын.
Оқиға сенбі, яғни, 11 қаңтар күні болған. Атырау қаласына қарасты Құрсай ауылында тұратын тоғыз жастағы екі бала ойынға шығып кеткен күйі үйге оралмаған.
Кейін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі бір баланың денесі Перетаска каналынан табылғанын хабарлады. Бүгін сағат шамамен 16.34 -те екінші баланың денесі табылғаны белгілі болды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, шана теуіп, сырғанауға шыққан сәбилер жұқа мұздың астына түсіп кетіп, опат болған.