Атырауда дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп жатыр (+ФОТОРЕПОРТАЖ)
Atr.kz/3-наурыз, 2019 жыл. Атырауда жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды.
5 наурызға дейін жалғасатын чемпионатқа бүгінде 400-ден аса жас спортшылар қатысуда. Чемпионатта 1999-2000 жылы туған жастар жекелей және командалық есепте бақ сынасып жатыр.
Чемпионат нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтіп жатыр.
Жарыс бағдарламасы төмендегідей:
2 наурыз
10:00 – жарыстың басталуы
16:00 –жарыстың ресми ашылуы салтанаты
16:30 – финалдық кезең
Ұлдар: -55 кг, -60 кг
Қыздар: — 44 кг, -48 кг, -52 кг
3 наурыз
10:00 – жарыстың басталуы
16:00 – финалдық кезең
Ұлдар: -66 кг, -73 кг, -81 кг
Қыздар: — 57 кг, -63 кг, -70 кг
4 наурыз
10:00 – жарыстың басталуы
16:00 – финалдық кезең
Ұлдар: -90 кг, -100 кг, +100 кг
Қыздар: — 78 кг, +78 кг
5 наурыз
Қазақстан Республикасының аралас командалық Чемпионаты
10:00 – жарыстың басталуы
Ұлдар: -60 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -48 кг, -57 кг, -70 кг, +70 кг