Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда деструктивті бағыттағы 341 аккаунт анықталды

  Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл. Жыл басынан бері Атырауда діни  салада 55 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелді.

Оның ішінде, заңды діни қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша 10 адам, діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату фактісі бойынша 10 адам және діни алауыздықты тудыратын материалдарды әлеуметтік желілерде тарату фактісі бойынша 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл туралы Қарағанды қаласында өткен «Экстремистік идеологияға қарсы күресте зайырлылық принцип негіздерін нығайту» атты республикалық форумда Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді.

            Радикалды идеологияны таратуда бүгінде интернет, соның ішінде,әлеуметтік желілердің үлкен  себепші  болып отырғандығы белгілі. Осы ретте, Атырау облыстық дін істері басқармасының «Сараптамалық интернет карта» жобасын іске қосқандығын атап өткеніміз жөн.

«Kaz Dream» компаниясы ұсынған бұл жоба облыс аумағында әлеуметтік желіде тіркелген барлық тұрғындардың парақшаларына автоматты түрде мониторинг жасап, діни теріс бағыттағы материалдар табылған жағдайда, оны толық зерттеуге мүмкіндік береді.

 Осындай зерттеулер нәтижесінде жергілікті Ақпараттық талдау орталығы теріс бағыттағы парақшаларды  сараптамадан өткізуге мүмкідік алып отыр. Мәселен, алғашқы он айдың ішінде «Аналитикалық интернет карта» жобасы аясында 1700-ге жуық аккаунт қаралып, деструктивті бағыттағы 341 аккаунт анықталды.

Соның ішінде, 107 аккаунт діни сараптамадан өтіп, 35 адам  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453 бабының 2 тармағы бойынша жауапқа тартылды» дейді Қайролла Көшқалиев.

            Бұдан басқа, әкімшілік жазаға тартылғандармен жергілікті діни басқарманың  профилактикалық шаралар өткізіп жатқандығын атап өткеніміз жөн. «Яғни, біз Полиция департаментіне сот шешімдерін жолдай отырып, әкімшілік жазаға тартылғандармен теолог мамандардың әңгімелесуіне мүмкіндік беруін сұраймыз. Бұл тәжірибе діни сауаты жоқ азаматтармен жұмыс жүргізуде нәтиже беруде» деп нақтылады спикер сөзін. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button