Атырауда дәрігерлер жетіспеушілігі азайып келеді
Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
Әкімдік тарапынан жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыс нәтижесінде, бұл мамандар тапшылығы азайып келеді. 2016 жылы өңірге 160 медицина маманы керек болса, биыл бұл көрсеткіш 30 маманға дейін төмендеді. Алдағы уақытта бұл мәселені түбегейлі шешеміз — деп, мәлімдеді облыс әкімі.
Одан бөлек, облыс әкімдігі тарапынан өткен жылы 231 түлектің оқуына қаржы бөлінсе, оның 53-і медицина саласын таңдаған түлектер. Биыл медицина мамандығына бойынша облыс әкімдігі 56 бакалаврдың, 48 резидентураның оқу ақысын қаржыландыруда. Аймақ басшысының айтуынша, алдағы уақытта, бұл саладағы маман жетіспеушілігі түбегейлі шешіледі.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі