Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда дайын құжаттарды беру үшін бір ғана халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Қазақстандықтар енді  қызметтерді тек электронды форматта ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

30-наурыздан бастап әр қалада бір Халыққа қызмет көрсету орталығы  дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда азаматтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Аталған терезе Атырау қаласында Азаттық көшесі 96 «Б» мекенжайында орналасқан №3 бөлімде. Ал, ауыл халқы аудан орталықтарында орналасқан бөлімдердің көмегіне жүгінеді.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді. Онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар  дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.

Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған. Дайын құжаттарды беру терезелері дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығында жұмыс істейді.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirusty%d2%a3-bir-belgisi-konyuktivit-boluy-m%d2%afmkin/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button