Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда COVID-19 жұқтырғандардың 60 пайызы емделіп шықты

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Бүгінде облыс көлемінде 9392 адам коронавирус індетін жұқтырған.

Тәулік ішінде 109 адамның қауіпті індетке шалдыққаны айқындалды. Облыс бойынша   коронавирус жұқтырғандардың өсімі 1,7% құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. 
Бүгінгі күні облыс бойынша  1170 инфекциялық, 787 провизорлық, 2013 карантиндік керует жасақталған.

—    Қазіргі уақытта облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инфекциялық керуеттердің саны 60 пайызға артты. Нақтырақ айтқанда  466 орын қосылды. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде 55 интерн инфекциялық, провизорлық стационарларда қызмет етуде. Сондай ақ, Ресейден келген дәрігерлер біздің дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр.  Бекітілген  алгортимге сәйкес ем жүргізуде,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Айта кетейік, бүгінде облыстағы коронавирустан жазылып шыққандар саны аурып шыққан адамдардың 60 пайызын құрайды. Нақтырақ айтқанда  5677 адам COVID – 19 індетінен жазылып шықты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button