Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскен

images Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысының Бас санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов Атырау облысының өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Өткен тәулік қорытындысы бойынша 103 адамнан коронавирус анықталса, бүгіннің өзінде олардың саны тағы 30 адамға артқан.

– 2020 жылдың шілдесінде Атырау облысында дәл осындай жағдай тіркелген болатын. Биыл медицина да, өзге де қатысы бар сала мамандары тас-түйін дайын отыр. Бірақ, тұрғындар тарапынан қолдау болмаса, санитарлық ережелер мен шектеу шаралары сақталмаса, біздің дайындығымыз да, дәрігерлердің еңбегі де жоққа шығады, – деді Бас санитариялық дәрігер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз