COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда Covid-19 дертінен жүкті әйел жазылып шықты
Аtr.kz/29 сәуір, 2020 жыл. Короновирустық инфекция індетінен айыққандар саны 60 адамды құрады, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
23 жастағы жергілікті тұрғында коронавирустық инфекцияға бақылау сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Алайда, жүкті әйел жұқпалы стационардан облыстық ауруханаға «пневмония»диагнозымен ауыстырылды.
-Болашақ ана мен баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, сол себепті әйел инфекциялық стационардың жанынан жүргізілетін тиісті ем қабылдайтын болады,- деп түсіндірді жедел штаб.
Бүгінде Атырау облысында Covid-19-дан жазылғандар саны 60 адамға жетті.