Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!» акциясы басталды

Облыста «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы өткізілуде. Қыркүйектің 4-інен бастау алған акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Аталған акцияға Қазақстанның кез келген азаматы қатысып, сатып алған тауарлар мен қызметтерге берілетін чектерді «Amian» мобильдік қосымшасында тіркеу арқылы бағалы сыйлықтар, соның ішінде смартфондар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту. Қатысу үшін чектер бақылау-кассалық машиналар арқылы берілуі тиіс және оларды кез келген уақытта тіркеуге болады. Бір қатысушы үшін чектердің саны шектелмеген.

Айта кету керек, «Amian» қосымшасын App Store және Play Market арқылы тегін жүктеп алуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button