Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бықсыған қамыс өрті сөндірілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бүгін, 14 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 8:45-те қамыстың бықсып жатқаны анықталған.

«Атырау қаласында түтін иісі сезілуіне байланысты Төтенше жағдайлар департаментінен Жедел топ қамыстың жануын анықтау үшін барлау жұмыстарын жүргізуге Атырау қаласы, Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауына шықты. Жедел топ оқиға орнына жеткен кезде ашық отпен жану анықталмады. Алайда, «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен 3 га көлемінде қамыстың тамырларының бықсуын анықтады. 14:03 сағатта камыстың бықсуы толыктай жойылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер мен 3 бірлік техника және «Ақжайық» МТР 15 адам, 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button