Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда бүлдіршінді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі жазаланды

Сот айыпталушыға орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Осылайша, Атырауда «Алтын балық» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.  

Тәрбиеші ҚР ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға азаптауды қолдану» бойынша айыпталды. Заң бойынша төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот әйелді қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот отырысында тәрбиеші кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап соттан айыпталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Заң бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жай болмаған кезде жазаны 4 жыл 8 айдан асыруға болмайды. Тергеуші айыптау актісінде ауырлататын жағдай жоқтығын көрсеткен. Сотталушының кішкентай балаларының болуы жеңілдететін жағдай деп танылды (бұл жағдай заңда көрсетілген).

Сот айыпталушыға орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушыға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, 2020 жылғы желтоқсанда Атырау балабақшасында тәрбиешінің баланы ұрғаны түсірілген видео Желіде тараған еді. Кадрлардан әйел баланың басын, денесін ұрғанын, құлағын тартып, аяғын басқанын көруге болады. Бала жылап тұрып тәрбиешіні құшақтайды, алайда ол қол көтеруін тоқтатпайды. Сол айда осы факт бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Tengrinews.kz 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button