ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда бүгіннен бастап бес күн ыстық су болмайды
Atr.kz/1 шілде, 2019 жыл. Атырау қаласының бірқатар аудандарында ыстық су болмайды.
«1-5 шілде аралығында жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмысына байланысты ыстық су өшіріледі. «Нұрсая», «Авангард», «Алмагүл» ықшамаудандары мен Сәтпаев даңғылындағы және Нәрембаев көшесіндегі үйлерде 5 күн ыстық су болмайды», — деп мәлім етті «Атырау жылу желілері» АҚ баспасөз қызметі. «Нұрсая», «Авангард» және «Алмагүл» — облыс орталығындағы ең ірі ықшамаудандар.
Сәтпаев даңғылын қоса алғанда, қаладағы үйлердің жартысына ыстық су беру тоқтатылады.