Жаңалықтар
Атырауда бүгін 10 нәресте дүниеге келді
«Атырау қалалық перзентханасында референдум күні сағат 08:00-ге дейін 10 нәресте дүниеге келді», — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
6 қазан күні дүние есігін ашқан 10 нәрестенің 9-ы – қыз, біреуі – ұл. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балалардың жағдайы жақсы. Орталықтағы №80 жабық референдум учаскесінде 85 ана тіркелген. Қазір мұнда медициналық көмек алып жатқан келіншектер дауыс беруде.
-Өмірге сәби әкелуіме байланысты перзентханада бақылаудамыз. 80-ші сайлау учаскесі арқылы референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қазір баламның да, өзімнің де жағдайым жақсы, — деді Ағайша Махаева.