Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда болған электр қуатының сөну жағдайы облыс әкімдігінің толық бақылауында

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім етті.

3 шілде күні жергілікті уақыт 17.24-те 140 МВт жүктемесі бар МАЭК мекемесіндегі №1 энергоблокта туындаған апаттық жағдайға сәйкес жүйелі аварияға қарсы автоматика жүйесінің қосылуы салдарынан облысқа қарасты 5 аудан (Жылыой, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет ауд.) және Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы 26 ықшам аудан жарықсыз қалды.

— Сонымен қатар «АМӨЗ» ЖШС және «KUS» ЖШС жұмысы тоқтады. «KUS» ЖШС-нің 40 сағатқа істен шығуына байланысты электр тұтыну 220 Мвт-қа азайды. Өңірді тұрақты энергия көздерімен қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясы батыс электр желісі транзитінен 130 Мвт алынып, жергілікті уақытпен сағат 21.05-те «KEGOC» АҚ-ы синхронизация жасау арқылы Атырау ЖЭО стансасы жалпы энергия жүйесіне қосылып, облыс бойынша тоқ көзі толықтай берілді. «KUS» ЖШС 5 шілде күні сағат 10.00-де қосу жоспарлануда. «АМӨЗ» ЖШС-не кешкі уақытта энергия қуаты толық берілді. Бүгін сағат 20.00-ге зауыттың желісіне тауарлық сутегі беру жоспарланып, 5 шілдеде толықтай іске қосылады,-деді С.Шәпкенов.

Өңір басшысы Атырауда орын алған ахуал облыс әкімдігінің толық бақылауында екенін атап өтті.

Ал ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтірілуде. АМӨЗ-де технологиялық ақаулар анықталған жоқ.

— Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету, — деді Әлихан Смайылов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button