Атырауда «Болашақ энергиясы» тақырыбында ғылыми конференция өтті
Атырау облысы «Ассамблея жастары» аймақтық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері қатысқан «Болашақ энергиясы» атты ғылыми конференциясы өтті.
Конференция барысында еліміздің энергетикалық болашағы және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Сарапшылар мен қатысушылар атом энергетикасының маңыздылығына ерекше тоқталды. Атом энергиясы электр тапшылығын шешудің тиімді құралы болып қана қоймай, сонымен қатар импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретіні айтылды. Бұл Қазақстанның тұрақты энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылды.
Жас ғалымдар мен студенттер арасында ұйымдастырылған пікірталас еліміздің болашақ энергетика саласындағы мүмкіндіктерін кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.