Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бөгеттердегі қауіпсіздік күшейтілді

Атырауда тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік арттырылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб хабарлады.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғуда. Желдің көтерілу жылдамдығы  секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында  бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша,
Жайық өзеніндегі су деңгейі
Индер ауданында  — 896 см (шекті деңгейі — 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі — 850 см),   Атырау қаласында 592 сантиметрді ( шекті деңгейі — 550 см) құрады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button