ЖаңалықтарСаясатҚоғам
Атырауда биыл «мал көмінділерін жою кешені» ашылады
Atr. kz / 13 – ақпан. Атырауда «мал көмінділерін жою кешені» ашылады. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп беріп жатқан Атырау қаласының әкімі Алимұxаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді.
«Ветеринариялық аxуалды бірқалыпты ұстау мақсатында «мал көмінділерін жою кешенінің» құрылысы басталып, биыл аяқталуы жоспарланып отыр. Және қала ішінде бұралқы үй жануарларының көбеюіне байланысты, өткен жылы 42 млн. теңге қаражат бөлініп, ветеринариялық профилактика жұмыстары жүргізілді» деп нақтылады Атырау қаласының әкімі Алимұxаммед Құттұмұратұлы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтіп жатқан есепті жиын барысында.
Айбөпе САБЫРОВА.