Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда биыл 2 590 гектар жерге егін өсіру жоспарланған

Ертеңгі күннің берекесіне берік негіз қалайтын көктемгі дала жұмыстарына атыраулық шаруагерлер тыңғылықты дайындықпен келіпті. Бүгінде Атырау қаласының өзінде 135 шаруа қожалығы егіншілікпен шұғылданады. Биыл 2 590 гектар жерге егін өсіру жоспарланған.

Бізді осы жайдан хабардар еткен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ләззат Ермекованың айтуынша, егістік алқаптың тең жартысына жуығына (1 168,1 гектарына) көкөніс, 532,8 гектарына картоп, 400 гектарына бақша, сонша жерге малазықтық дақылдар егіледі. Соның ішінде, 692 гектар егіндік тиімділігі жоғары тамшылатып суару технологиясымен, сондайақ 160 гектары жаңбырлатқыш

техниканың көмегімен баптапкүтілмекші. Былтырғы жиынтерім нәтижесінде барлығы 69 300 тоннаға тарта өнім жиылса, биыл да көктемгі дала жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың арқасында егінжайдан алынатын өнім көлемін арттыра түсу көзделген.

– Науқанға жалпы саны 310 адам, 117 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады. Көктемнің әр күнін жылға азық етуді мақсат тұтқан шаруашылық құрылымдары арасынан 25 шаруа қожалығы дала жұмыстарына қажетті минералды тыңайтқышпен қамтамасыз етуге «ҚазАзот» акционерлік қоғамына 159,5 тонна аммиак селитрасына тапсырыс берген. Одан бөлек, 19 шаруа қожалығынан 82 тонна аммофосқа «ҚазФосфат» АҚ-на сұраныс жолданған. Бұлардың барлығы да сәйкесінше келісімшарт жасасып, тыңайтқышты дер мезгілінде алуға дайын. Сол сияқты, жеңілдетілген бағамен берілетін дизель отынын алуға 25 шаруа қожалығынан 400 тоннаға тапсырыс қабылданды. Ол да уақытылы жеткізілмек. Ал, кейбір шаруашылықтар өздеріне керекті техникаларын лизингтік жүйемен алу үшін қаржыландыру ұйымдарымен келісім-шартқа отырғанын да айта кеткеніміз жөн, — дейді салалық бөлімнің өкілі.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button