Атырауда бір жылдан астам уақыт бойы мал ұрлаған азамат ұсталды

original Жаңалықтар

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Құрманғазылық тәртіп сақшылары аудан аумағындағы өрістерден  2018 жылдың тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін мал ұрлығын «кәсіп» еткен 1982 жылғы азаматты  ұстады. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұржау ауылдық округі мен Жамбыл ауылы тұрғындарының әрқайсынан бір-бір бас мүйізді ірі қарасын  ұрлаған Хиуаз ауылының тұрғыны Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес  қамауға алынды. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-tsifrly%d2%9b-%d2%9byzmet-alu-tetikterin-%d2%afjretetin-ortaly%d2%9btar-ashyluy-m%d2%afmkin/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз