Атырауда бір топ нұротандықтар Елбасының алғысын алды

img 20210129 wa0090 Жаңалықтар

«Нұротандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауында белсенділік танытқаны, «Nur Otan» партиясының жеңіске жеткені  үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды» деп хабарлайды Atr.kz

Марапаттау бүгін түске дейін «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалында, түстен кейін облыстық филиалда өтті.

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының орынбасары Арман Азаматов пен «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Мырзағалиев түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген, сайлауалды науқанда белсенділік танытқан азаматтарға Елбасының Алғыс хатын табыстады. Олардың қатарында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев те бар.

img 20210129 wa0106

Жиынға қатысқан нұротандықтар өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта іске асырылуға тиіс партияның бағдарламаларын талқылады.

img 20210129 wa0097
img 20210129 wa0098
img 20210129 wa0102
img 20210129 wa0085

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз