Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бір мектеп жұмысы онлайн режимге ауысты

«Нұрсая» шағынауданында орналасқан Салық Зиманов атындағы №37 орта мектеп электр энергиясын қамтамасыз ететін жер асты тоқ желісіндегі ақаудың салдарынан уақытша қашықтан оқыту режиміне көшті.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың 4 қаңтарында мектепке электр қуатын жеткізетін желінің тұрғын үйлерге жақын жерден үзілгені анықталды. Бұл жағдай туралы дереу «Атырау Жарық» мекемесіне хабарланып, тиісті мамандар жөндеу жұмыстарын бастады. Алайда желінің бірнеше бөлігінде қосымша ақаулар анықталып, жұмыс бірнеше күнге созылуда.

– Қазір жылу қазандығы генератор арқылы жұмыс істеп тұр, ал оқушылар 9, 10 және 13 қаңтар күндері уақытша онлайн форматта оқытылуда. Ал ақаулықтың негізгі себебі анықталып, электр қуатын толық қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Барлық жұмыс жергілікті билік пен тиісті мекемелердің бақылауында, — деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, электр желісі қалпына келтірілгеннен кейін мектеп штаттық режимде жұмысын қайта жалғастырады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: pxhere.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button