АТЫРАУДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

whatsapp image 2020 08 26 at 20.02.12 8 Білім

Atr.kz/26 тамыз, 2020 жыл. Бүгін, 26 тамыз күні Атырау облысында өткен білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде білім саласына еңбегі сіңген бір топ мұғалім «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен  марапатталды, деп хабарлайды Атырау  облыстық Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Үздік ұстаздарды арнайы төсбелгімен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов марапаттады. Мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған өңір басшысы пандемия туындатқан қиындықтарға қарамастан білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерен еңбек еткен ұстаздарға алғысын білдірді.

–    Пандемия білім беру саласына да өз әсерін тигізді. Қашықтан оқыту жүйесін шұғыл меңгеріп, заманның жаңа талаптарын  жедел үйрендіңіздер. Сол үшін Сіздерге алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Гүлжан Нұргожина, Лилия Лигай, Алуа Тілеубергенова, Күлімжан Сүтәлиева марапатталса, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі Луиза Гумарова, Майра Сабирова, Жұмаш Тілепова мен Ізтұрған Тасбаевның кеудесінде жарқырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз