Атырауда бір күнде 100-ден аса автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған
1-3 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында 1 күн ішінде автобус жүргізушілеріне қатысты 93 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
— жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу-4;
— тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау-3;
— мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару-17;
— рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпеген-2;
— көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану-12;
-Белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету-13;
— маневр жасау қағидаларын бұзу-7;
— Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқару–3;
— Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу-2.
Сонымен қатар, арнайы автотұрақта 1 автобус қойылды, техникалық талаптарға сәйкес келмеуі бойынша 1 қоғамдық көліктің мемлекеттік белгілері түсірілді.