Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бір аптада 4 адам суға кетіп, мерт болды

Жыл басынан бері облыс бойынша су айдындарында сегіз адам қаза болған. Оның төртеуі кәмелетке толмаған. ТЖД құтқарушыларымен төрт адам құтқарылды. Ал осы аптада су айдындарында төрт адам қаза тапқан. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Аскат Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Төтенше жағдайлар Министрлігінің тапсырмасы бойынша Атырау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында шомылу маусымына дайындық іс-шаралары қарқынды жүруде. Атырау облысында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында қаза болғандардың саны 7 адамға азайған. Алайда кәмелетке толмағандардың жалпы санынан қаза тапқандар саны артқан. Өткен жылы облыстың су айдындарында барлығы 20 адам қаза тапса, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала. Ал шомылу маусымы кезінде 13 адам құтқарылған.

— Өкініштісі сол – осы аптада төрт адам су айдындарында қаза тапты. Бірінші жағдайда 1995 жылы туған ер адам Атырау қаласы Жайық өзенінен шығарылған. Сырт киімі болған, өлім себебінен қылмыстық сипаттар байқалады. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, материалдар Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. Екінші жағдайда Құрманғазы ауданының Шарон өзенінен шығарылған бала 2008 жылы туған. Өлімнің себебі — жабдықталмаған жерде шомылу. Үшінші жағдайда Құрманғазы ауданында 2011 жылы туған бала. Ол атқа мініп, қатты ағынды суды жүзіп өтпекші болып, суға батып кеткен. Төртінші жағдай 1964 жылы туған әйелдің денесі Атырау қаласы Жайық өзенінен денесі шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, материалдар Полиция департаментіне жолданды, — деді А.Ержанов.

Баспасөз брифингі барысында ТЖД басшысының орынбасары аталған оқиғалардың орын алуына ересек тұрғындар арасында судағы төтенше оқиғалар қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындамауы, мас күйінде демалу және өз күштерін асыра бағалау сынды оқиғалар себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар арасында қайғылы оқиғаға ата-ана мен туысқандарының салғырттығы себеп екенін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button