Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Бейбітшілік және келісім сарайы салынуда

Атырауда «Ведомствалық деңгейде құжаттардың сақтауын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтуде. Семинарға республика Мәдениет және ақпарат министрінің Архив құжаттама және кітап ісі комитеті өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының басқармалары, сондай-ақ ЖАО мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысуда.

Төрт аймақтың басын қосқан бүгінгі іс-шарада нормативтік құқықтық актілердің және құжаттарды болашаққа сақтаудың нормалары түсіндірілуде.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Ибраим Бабаевтың айтуынша, архив саласындағы мәселенің бірі – архив ғимаратының жетіспеушілігі.
«Қазақстан бойынша барлық мемлекеттік архив қоймалары толы. Бүгінде жергілікті атқарушы органның бюджетінен қаражат бөлу қиындық тудырып отыр. 2022 жылы Президент берген тапсырма бойынша, ғимарат салу мәселесін шешу қарастырылуда. Осы кезекте Атырауда Бейбітшілік және келісім сарайы салынып жатқаны қуантады. Ол 1млн архивты сақтауға арналған мекеме болмақ. Бұдан бөлек өзге де өңірлерде архив ғимараттары кешенді жоспарға сәйкес бой көтеруде» дейді Мәдениет және ақпарат министрінің Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілі Ибраим Бабаев.

Жалпы жыл сайын сақталатын ақпараттың көлемі артып, жаңа деректер жинақталады. Сондықтан құжаттарды сақтау мәселесі барған сайын күрделене түсуде. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Хорлан Дәулетбаева өз баяндамасында атап өтті.
«Ауылдық округтерден республикалық деңгейге дейінгі билік органдарында қалыптасатын құжаттар еліміздің Ұлттық архив қорының негізін құрайды. Қазіргі заманда көбірек ақпарат сақталып, электронды түрде берілсе, киберқауіпсіздік өте маңызды болып қалады. Мекемелер электрондық құжаттарды хакерлерден және басқа да киберқұралдардан қорғау үшін шаралар қабылдау тиіс» деп баяндады.

Сондай-ақ семинарда қазіргі уақытта ҚР Ұлттық архив қорын жинақтау факторлары туралы сөз қозғалды.
«Ұлттық архив қорын қалыптастыру, іс жүргізу барысында туындайтын мәселелерді өз тарапымыздан әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Жалпы Маңғыстау облысында 700-ден астам архив құжатының қоры бар, оның 66%-ы сканерден өтті. Қазіргі заманға сәйкес заманауи құралдармен қамтамасыз етіліп, сәйкесінше электронды нұсқаға ауысуға мүмкіндік те бар. Бұл біздің қоғамымызға қатысты ақпараттарды жедел әрі оңай табуға көмектеседі» дейді Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Ляззат Ізбасарқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button