Атырауда «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері өтті
Телевизиялық жоба Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жоба танымал журналист Леонид Парфеновтың заманауи травел-танымдық шоу форматында жасалды.
Фильмнің тұсаукесеріне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.
Аймақ басшысының құттықтауын жеткізген Атырау облысы әкімінің орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының бір топ мүшелерін марапаттады.
- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Елбасымыздың саяси ерік – жігерінің арқасында еліміздің аумағында тұратын этностар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі, ерекше сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік қалыптасты.
Елбасының бірлік саясаты негізінде әр өңірде Достық үйлері, «Қазақ еліне мың алғыс» монументтері, мұражайлар және елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту үрдісін бейнелейтін басқа да құрылыстар бар.
30 жыл ішінде өңірде атқарылып жатқан жобалар аз емес, алайда, алға қарай жылжуымыз қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары.