АТЫРАУДА БАСЫ ДАУҒА ҚАЛҒАН ШЕНЕУНІК ҚЫЗМЕТТЕН БОСАТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік істер қаралып, тиісті лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды.
Атап айтқанда, Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы бұған дейін алынбаған тәртіптік жазасы болуына қарамастан, еңбекке уақытша жарамсыз парағында бола тұра, қызметтік автокөлікті пайдаланып, заңнама талаптарын бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңеспен атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшысына өзі басқаратын мекеменің ұжымында іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты орната алмауы салдарынан сын тудыруына себепкер болуына орай «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан басқа, қарамағындағы қызметкермен қарым-қатынас барысында дөрекілікке жол берген Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Индер ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен Есбол ауылдық округі әкімінің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын негізсіз алынып, заңсыз 656 609 теңге көлеміндегі сыйлықақы берілуіне орай, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен сыйлықақыны мемлекеттің бюджетіне кері қайтару шараларын жүзеге асыру және тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізілді