WhatsApp Image 2019 07 04 at 13.31.04

Атырауда басы дауға қалған араб компаниясының президентін аймақ басшысы қабылдады

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ССС араб компаниясының президентін қабылдады.

Consolidated Contractors Company компаниясының директоры Самед Хури, Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының еншілес құрылымы, Нұрлан Ноғаевпен кездесуге өңірге келді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге 29 маусымда Теңіз вахталық қалашығында орын алған оқиға себеп болды. Атырау облысының әкімі қазір жанжал реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

WhatsApp Image 2019 07 04 at 13.31.05

– ТШО мен мердігер мекемелердің басшыларына қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақыларын есептеу мен басшылықта қазақстандық кадрларды көбейтуге қатысты міндеттер қойдық,-деді Нұрлан Ноғаев.

Самед Хури өз кезегінде әкімге жанжалды жедел реттеуге көмектескені үшін алғыс айтты және компания тарапынан енді мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық шаралар жасалатынына сендірді. ССС тарапынан әкімдік қойып отырған міндеттемелерді орындау шаралары қабылданатынын айтты.

WhatsApp Image 2019 07 04 at 13.31.05 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған