COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицинаСаясат
Атырауда бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ауысты
Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Темірбек Мусағалиев Атыраудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Сонымен бірге ол Ұлттық сараптама орталығының Атырау облысындағы филиалына да басшылық ететін болады.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, Темірбек Мусағалиевты жаңа лауазымды қызметке тағайындау туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бүгін, яғни, 8 сәуір күні шыққан.
Атыраудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалған Темірбек Мусағалиев Қарағанды медициналық институтын аяқтаған.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА