АРНАЙЫ АЙМАҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Бүгінде еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істейді. Бірінші бесжылдықтың арқасында АЭА инфрақұрылымдары өткен 9 жылға қарағанда екі есе көп инвестиция тартқан. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Айдаров Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

 

«Индустрияландыру жобалары аясында Қазақстанда төрт арнайы экономикалық аймақ құрылды. Олар «Сарыарқа», «Павлодар», «Тараз химиялық паркі» мен «АЭА – Хоргос Шығыс қақпасы». Бүгінде еліміз бойынша жалпы 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА бірінші бесжылдық аясында айтарлықтай қаржыландыруға ие болды. Бірінші бесжылдықтың арқасында оның инфрақұрылымдары өткен 9 жылға қарағанда екі есе көп инвестиция алды. Жобаларға 336 млрд теңге инвестицияланды, бұл өткен 9 жылдың көрсеткішінен 7 есе артық», – деді А.Айдаров. 

А.Айдаров атап өткендей, жақын арада жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 50 жобаны іске қосу күтілуде, өз кезегінде олар 17 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Дайындаған Б.ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз