Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы аталып өтті

Бүгін, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнінде Атыраудағы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар және жасөспірімдер ауылында «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Atr Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында балалар «Асфальттағы сурет», «Кім күшті? Кім епті?» спорттық сайыстарында бақ сынады.

«Сурет шығармашылық студиясының» қолдаумен 14 өнерлі жас шеберліктерін шыңдады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан құрылған қуыршақ театры «Ата мектебі» атты қойылымын ұсынып, кішкентай көрермендерін қуантты.

Балаларға тәттілер мен балмұздақтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. Акция аясындағы іс-шара «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық жарысымен аяқталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button