ДӘРІГЕР ЖҰМЫСЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

7f 10l 15 650x650 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Аймақтағы медициналық мекемелерге кислородтық жүйе тартылуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, бүгінде құрылымдар 25 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген, енді тағы 5 құрылғы келеді.

– Провизорлық және барлық стационарларға оттегі концентраторлары қойылуда. Бұл арқылы кислородтық баллондар саны азаятын болады. Осының аясында жаңа ғимаратқа кислородтық жүйені тартып жатырмыз. Аталған жұмыстар тамыз айының басында бітуі керек, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас­шысы.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, оттегі концентратор­ларын қолдану дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Өйткені, бұдан бұрын қолданыста болған кислородты баллондар ыңғайсыз болатын. Баллондар ауыр және оттегіні үнемі толтырып тұруды қажет ететін. «Қазіргі уақытта біз көлемі 5 литр оттегі кон­центраторларын қолданып жатырмыз. Сәйкесінше, оттегі баллондарының санын азайтамыз» деді Ербол Иманғалиев.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз