
Атырауда БАҚ қызметкерлері марапатталды
Атырауда 28 маусым — БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сала ардагері Амангелді Мутигуллин мен CaspianLife сайтының бас редакторы Рахим Қойлыбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Виктор Сутягин наградталды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі Мая Дельмухашева, Айбек Нәжімов және Айымгүл Хайруллинаның кеудесіне тағылса , министрліктің “Құрмет”грамотасы Ербол Қошақанов пен Гүлбала Сариповаға табысталды. Ал министрдің Алғыс хатымен Фархад Тәжібаев марапатталды.
Облыс әкімі журналистер мен осы салада елеулі еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ аймақ басшысы бүгін өңірлік БАҚ жетекшілерімен және республикалық газет, телеарналар мен сайттардың меншікті тілшілерімен бейресми форматтағы кездесуді де өткізген болатын.













