Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Ақ Жайықтың жағасында, кәрі Каспийдің сағасында орналасқан Атырау өңірі үшін балық шаруашылығының маңызы ерекше, оны бөлек. Қалыптасқан дәстүрмен бүгінде байырғы кәсіпті өнеркәсіпке айналдырған сала қызметкерлері мен ардагерлері биыл да кәсіби мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті. Мерекелік шараға қатысушылардың назарына балық шаруашылығының кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігін бейнелейтін бейнебаян ұсынылды. Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында өткен салтанатты жиында алғашқы болып сөз кезегін алған облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзин сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.

— Балықшылық – атыраулықтар үшін байырғы, атакәсіптің бірінен саналады. болып есептеледі. «Өзе жағалағанның өзегі қалмас» деген атадан қалған асыл сөзді ұран қып ұстаған айдын ерлері – аттары аңызға айналған мұзбалақ балықшылардың ұрпақтары заман қаншама құбылып, өмір заңдылығы өзгерсе де антына адалдығынан айнымады, сертіне беріктігінен танбады. Кезінде еліміз бойынша ауланып, өндіірілетін балықтың 80 пайызы біздің облысымыздың еншісіне тиесілі болғаны да тарихымыздан белгілі.

Ау қоржынының олжасына айналып, сүзілген «су маржандарын» өңдеуден өткізіп, одан түрлі өнімдер дайындап, өзімізге, қалаберді шетелге экспортқа шығаратын балық-құты комбинаты (бертінде ол  «Атыраубалық» акционерлік қоғамы деп аталды) ондаған жылдар бойында табысты жұмыс жасап тұрды.. Жайық өзені мен Каспий теңізінен ауланған балық осы кәсіпорында қабылданып, терең өңделіп, дайын өнім түрінде тұтынушыға ұсынылатын. Кәсіпорынның арнайы сауда орындары  жұмыс істеп, халыққа жеңсік күйінде, қолжетімді бағамен өткізілетін. Қазақстандағы кәсіптік балық аулау мен балық өнеркәсібінің алыбы атанып, атағы әлемге танылған комбинат биыл торқалы тоқсан жасқа  толып отыр. Балықшы колхоздары жыл басында қабылданған міндеттеме-жоспарларын артығымен орындап, саланың табысты дамуына қомақты үлестерін қосты. Шаруашылық құрылымдары сол күйінде сақталып, үрдіс сақталмаса да, дәстүр жалғасын тауып келеді. Бұл міндеттің сөз жоқ, ежелден мұзбалақ атанған айдын ерлерінің ерлікке пара-пар еңбек жолын, қалыптасқан дәстүрін абыроймен жалғастырушы кейінгі толқынға жүктеліп отырғаны белгілі.

Бұл күнде өңірімізде табиғатты пайдаланушы 21 балық шаруашылығы субъектісі тіркелген. Оның 19-ы кәсіптік балық аулаумен шұғылданса, 2 зауыт бекіре тұқымдас балық шабақтарын, яғни тауарлы балық өсіру міндетін жүзеге асруда. Бұл зауыттар арқылы жыл сайын бағалы балық шабақтары табиғи өмір сүру ортасына жіберіілуде. Десек те, пайдалануға берілгеніне ширек ғасыр толып отырған осы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттырып, мүмкіндіктерін молайту, тауарлы балық өндірісінің көкжиегін кеңейту мақсатында реконструкциядан өткізу – күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Соңғы кездері басқа саларындағы сияқты, осы саладағы инновациялық жобаларды қаржылай қолдаудың тетіктері қарастырылып, тоған шаруашылықтарын дамытуға баса назар аударылуда. Одан өзге де жоба-жоспарларымыз жеткілікті. Бәрінің сәтімен жүзеге асқанын қалаймыз.

Құрметті де қадірлі аға буын өкілдері — ардагерлер мен қазіргі таңда еңбек етіп жатқан сала қызметкерлер, сіздерді облыс әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкеновтың атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, — деді Марат Бисеғалиұлы.

Салтанатты жиын одан әрі мерекелік марапаттауларға ұласты. Жұмысында айтулы жетістіктерді еншілеп, әріптестеріне өнеге-үлгі танылып, жоғары еңбек көрсеткіштерімен көрініп жүрген кәсіби мереке иелерінің  бір тобына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ, енді бір тобы «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі» төс белгісімен марапатталды. Сонымен бірге салалық министрліктің Құрмет грамотасына ие болғандар да бар. Ал, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты өндіріс озаттары мен сала ардагерлеріне берілді. Бұған қоса, облыстық мәлихат, Атырау қаласы әкімі мен қалалық мәлихаттың  да Алғыс хаттары да өз иелерін тапты.

Мереке құрметіне Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, шараның шырайын келтірді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button