Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда баланы қорлаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр

Бұл туралы Атырау облысы әкелер кеңесінiң төрағасы Нұржан Ермұханов өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазіргі таңда Атырау қаласының №20 «Алтын балық» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасының тәрбиеленушісіне қорлау фактісіне байланысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 110-бабы ( «Азаптау») бойынша, іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу амалдарына Атырау облысының әкімдігі араласа алмайды. Десе де, әкімдік өз құзіреті шеңберінде іс шараларды қолға алды.

Осы жағдайға байланысты Атырау қалалық білім бөлімі тарапынан №20 «Алтын балық» балабақшасының меңгерушісіне қатысты қатаң сөгіс беріліп, түсініктеме алынған.

Баланың ата-анасын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова жеке қабылдап, мәселенің мән жайымен толық танысқан. Меніңше, мұны өзара диалог алаңы деуге болады.

Атырау облысы бойынша білім сапасын қадағалау департаменті ҚР «Әкімшілік кодексіне» сәйкес, 409-бап негізінде тәрбиешіге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынғанын мәлімдеді.

Тергеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, балаға әлімжеттік көрсеткен тәрбиеші түсініктеме беруден бас тартып, өз жұмысын жалғастырып келген. Ол 2020 жылдың қыркүйегінде ғана өз еркімен жұмыстан босатылған» делінген постта.

Атырау қалалық білім бөлімі хабарлағандай, бүгінгі таңда алты қалалық балабақша жанынан осындай ерекше санаттағы балаларға арналған арнайы топтар ашылған. Аталған топтар 13, 15, 21, 23 (Дамба), 37 (Еркінқала) қалалық балабақшаларда жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, сөйлеу қабілеті ауыр балаларға арналған мемлекеттік мамандандырылған №20  Атыраудағы «Алтын балық» балабақшасының тәрбиеленушісін қорлау фактісі тіркелген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button