zhastar foto

Бүгін Астанада Жастар жылының ресми ашылу салтанаты өтеді

Жаңалықтар Қоғам
[highlight][/highlight]

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы  Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер шықырылды. Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады.

 

жастар фото

 

Салтанатты жиын барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады. Аталмыш шараны еліміздің барлық өңірлері тікелей эфирде тамашалайды.

Айта кетелік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған